ZERO модульдері

ZERO модульдері

Біздің серіктестерімізде әзірленіп енгізілген ZERO бұлтты сервисінің дайын модульдері.

01 · Сату және коммуникациялар

Бірінші өтінімнен қабылдауға дейін

Барлық арналардан келген өтінімдер, қоңыраулар және хат-хабар бір терезеде жиналады — менеджерлер ешнәрсені жоғалтпайды.

6 6 модуль
Флагман модуль

Мектептерге арналған CRM

CRM модулі виртуалды АТС, ресми WhatsApp Business және META жарнама кабинетімен интеграция арқылы өтінімдерді тіркеуге және клиенттермен бір жерде байланысуға мүмкіндік береді.

Виртуалды АТСWhatsApp BusinessMETA жарнама кабинеті

Виртуалды АТС

Виртуалды АТС интеграциясы жүйенің ішінде толыққанды IP-телефониямен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қоңыраулар тарихы мен жазбасы, CRM-нен тікелей қоңырау шалу және қабылдау мүмкіндігі бар.

WhatsApp Business API

Ресми WhatsApp Business API (WABA) интеграциясы бұғатталу қаупінсіз жаппай және автоматтандырылған хабарламалар жіберуге мүмкіндік береді. Айнымалылармен (мысалы: аты-жөні, қарыз сомасы) шаблондарды шектеусіз жасаңыз.

WhatsApp

WhatsApp бейресми («сұр») интеграциясы – жылдам іске қосу үшін. Кіріс/шығыс диалогтарға.

Бизнеске арналған ChatGPT

OpenAI жасанды интеллектісі негізіндегі ақылды чатботты қосыңыз, ол WhatsApp арқылы клиент сұраныстарын автоматты түрде өңдейді. Чатбот сату менеджерлеріне сұрақтарға жедел жауап беруге көмектеседі.

Instagram

Instagram Direct-пен интеграция: барлық өтініштер CRM жүйесіне түседі, лидтер жасалады. Автожауаптар, шаблондар, менеджерлерге бөлу және талдау қолжетімді.

02 · Құжаттар мен қаржы

Келісімшарттар, төлемдер және борышкерлер — қолмен әуре-сарсаңсыз

Электрондық қол қою, банктермен тікелей интеграция және берешекпен автоматты жұмыс.

4 4 модуль
Заңды түрде маңызды қол қою

QR келісімшарттар

Деректерді автоматты түрде толтыратын шаблондардан төлем жоспары бар келісімшарттар жасаңыз. eGov Mobile және eGov Business қосымшаларында QR арқылы келісімшарттарға қол қойыңыз.

eGov MobileeGov BusinessSigex

Kaspi.kz

Kaspi.kz-пен тікелей интеграция оқу мен үйірмелерге төлем шотын шығаруды және төлем қабылдауды жеңілдетеді. Ата-аналар Kaspi.kz қосымшасында ай сайын төленбеген шоттар туралы push-хабарламалар алады.

Қаржы және қарыздар

ZERO автоматты түрде қарыздар тізімін айларға бөліп жасайды. WhatsApp арқылы ата-аналарға хабарлама жіберу және IP-телефония арқылы қоңырау шалу арқылы қарыздармен жұмысты автоматтандырыңыз.

Үйірмелер есебі

Үйірмелер мен секцияларға оқушылардың қатысуын және төлем шоттарын автоматтандырыңыз. Оқушыларға секцияларға өз бетінше жазылу мүмкіндігін беріңіз.

03 · Оқыту және ата-аналар

Барлығына ашық оқу процесі

Сабақтар, бағалар және сабаққа қатысу жүйеде — ата-аналар мен оқушылардың өзекті ақпаратқа қолжетімділігі әрдайым бар.

4 4 модуль
Оқу процесінің өзегі

LMS

ZERO жүйесінде оқу процесін ұйымдастырыңыз: сабақтарды жоспарлаңыз, материалдар мен үй тапсырмаларын жариялаңыз, оқушылардың қатысуы мен бағаларын белгілеңіз. Оқу жылының қорытынды табельдерін жүйден жүктеп алыңыз.

Сабақ кестесіҮй тапсырмаларыСабаққа қатысуҚорытынды табельдер

LMS: Microsoft Teams

ZERO мен Microsoft Teams интеграциясы онлайн мектептерге арнайы жасалған. Интеграция арқылы оқушылардың аккаунттары құрылады, онлайн-сабақтар жоспарланады және Microsoft Teams конференцияларына қатысуы белгіленеді.

Оқушы мен ата-ана кабинеті

Оқушыларға сабақ кестесіне, оқу материалдарына, үй тапсырмаларына, бағалар мен қатысу ақпаратына ыңғайлы қолжетімділік беріңіз. Ата-аналар баласының үлгерімін, мұғалімдердің пікірлерін, келісімшарттар мен төлемдерді бақылай алады.

Ата-аналармен коммуникация

Ата-аналармен тиімді байланысты жаппай хабарламалар, WhatsApp-тағы жеке хат алмасу, веб-интерфейс немесе Zero мобильді қосымшасындағы ішкі чаты арқылы ұйымдастырыңыз.

Демо

ZERO-ны сіздің процестеріңізде көрсетеміз

30 минут онлайн: мектебіңізді талдаймыз, модульдерді көрсетеміз және енгізу құнын есептейміз. Ешқандай міндеттемесіз.

Жеке демонстрация
Сіздің форматыңызға сай: мектеп, балабақша немесе орталық
Деректерді қауіпсіз көшіру
Оқушыларды, төлемдерді және тарихты импорттау
Әр кезеңде қолдау
Енгізуге, оқытуға және іске қосуға көмектесеміз